"СҚ-Фармацияның" жаңа басшылығы қызметінен босатылуы мүмкін

0
1 715

Президент қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт келгенін айтты.


ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "СҚ-Фармацияның" жаңа басшылығына мүмкіндіктерін көрсететін сәт келгенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Кейбір өңірлерде жеке қорғану құралдарының тапшылығы немесе сапасының төмендігі байқалып жүр. "СҚ-Фармация" басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт келді. Олай болмаған жағдайда - орынды босату керек", - делінген Президенттің Twitter-де жариялаған дәйексөзінде.

Бұған дейін Тоқаев елдегі коронавирусқа қатысты "індет өршіп" бара жатқанын айтқан болатын. Оның айтуынша, азаматтар мен бизнес өкілдері індеттен шаршап, нәтижесінде қауіпсіздік шараларын елемей жүргені жағдайды ушықтырады.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 10 шілдесінде "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Шәріп Берік өтініші негізінде қызметінен босатылып, орнына Ерхат Есқалиев тағайындалды.