Жол апатына түскен жүк көлігінің иесі тасжолда жеті сағаттай күтіп тұрған.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай таситын жүк көлігі жолдан шығып, аударылып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Жол апаты өткен жексенбі күні Тайынша ауданындағы Аққұдық ауылына жақын жерде болған. 36 тонна дизель отыны тиелген жүк көлігі Кішкенекөл ауылынан астанаға шыққан.
Volvo-ның 30 жастағы жүргізушісі Аққұдыққа жақындағанда рөлге ие бола алмай, жолдан шығып, аударылып кетті.
Алдын ала мәліметке сәйкес, көліктің доңғалағында ақау болған. Колоннамен жүрген басқа жүргізушілер полицияға хабар берді.
Оқиға орнына жергілікті жердің тәртіп сақшылары мен құтқарушылары барды.
"Жанар-жағармайды басқа көлікке ауыстырып құйды. Ал жүк тиегіштің көмегімен көлікті көтеріп, тасжолға шығарды. Түнгі сағат 23:00-ге таман өрт сөндірушілер Volvo-ны Аққұдық ауылына дейін апарып тастады", - дейді полицейлер.
Жол апатына түскен жүк көлігінің иесі тасжолда жеті сағаттай күтіп тұрған.