СҚО-да бірнеше күн іздеген балықшының денесі табылды

0
509

Іздеу жарияланған 31 жастағы Болат Ақиевтің денесі табылды.


СҚО-да бірнеше күн іздеген балықшының денесі табылды

ERNUR.KZ. Шал ақын ауданында балық аулауға кеткен жігіттің денесі 5 күннен кейін табылды, деп жазады exk.kz.

Іздеу жарияланған 31 жастағы Болат Ақиевтің денесі табылды. Ол 6 қаңтар күні Шал ақын ауданы Ступинка елді мекенінің маңындағы көлге балық аулауға кетіп, содан үйіне қайтып оралмағанын еді.

Болат Ақиев Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимка тұрғыны болып шықты. Оны іздеуге еріктілер, полицейлер жұмылдырылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 13 маман, 3 техника 3 күн бойы жоғалған адамды іздеді.

Нәтижесінде 11 қаңтар күні Болаттың денесі сол маңнан түс ауа табылды. Шал ақын ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, жігіттің мүрдесі ауылдан 3 шақырым, көлден 4-5 шақырымдай қашықтықта қар үстінде жатқан жерінен табылған.

Сол күні онымен бірге Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның тағы 2 тұрғыны болған. Алайда кешкі сағат 23:00 шамасында Болат Ақиев белгісіз бағытта кетіп қалған. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.