Дауыл тұру қаупі - 90-95%.
фото kaz.nur.kz
ERNUR.KZ.Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«24 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Кей аумақтарда найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде нөсер жауады», - делінген хабарламда.
Петропавлда 24 шілде күні солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Дауыл тұру қаупі - 90-95%.