СҚО-да майлы дақылдар шығаратын май экстракциялық зауыты жақын арада пайдалануға беріледі

0
192

Оның қуаттылығы жылына 370 мың тонна.


СҚО-да майлы дақылдар шығаратын май экстракциялық зауыты жақын арада пайдалануға беріледі

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа май экстракциялық зауытының құрылысы аяқталды. Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Зауыт өнімдеріне күнбағыс және зығыр майы, сондай-ақ күнжара кіреді. Сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндіріс кезінде суық сығымдау технологиясы қолданылады.

Кәсіпорында Германия, Бельгия және Түркия өндіретін заманауи жабдықтар орнатылған.

Қазіргі уақытта тұқымдарды алу, дайындау және қабылдау цехтарының, сондай-ақ сорғы мен қазандықтың құрылысы аяқталды.

Жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірісті іске қосу ағымдағы жылдың қараша айының соңында жоспарланып отыр. Жобаның құны-34 млрд теңге.