​СҚО-да параны берген адам да, алған адам да ұсталды

0
1 197

Мекеме директоры өзі қарауындағы орманнан отын кесуге рұқсат бергені үшін жергілікті тұрғыннан жалпы сомасы 1 млн 231 мың теңге параны жүйелі негізде алып келген.


​СҚО-да параны берген адам да, алған адам да ұсталды

ERNUR.KZ. Қызылжар орман шаруашылығының басшысы ағаштарды заңсыз отауға рұқсат бергені үшін 1 млн теңгеден астам пара алған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті кешенді арнайы жедел-іздеу шараларының нәтижесінде облыстық әкімдікке қарасты «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ директорының пара алу фактісін анықтады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, мекеме директоры өзі қарауындағы орманнан отын кесуге рұқсат бергені үшін жергілікті тұрғыннан жалпы сомасы 1 млн 231 мың теңге параны жүйелі негізде алып келген.

«Жергілікті тұрғын да лауазымға тұлғаға пара беру күдігіне ілінді. Олар кінәларын толықтай мойындауына байланысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ. Мекеме директорына кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Б.Балғабеков.