СҚО-да жүк көлігімен болған жол апатынан төрт адам қаза тапты

0
127

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тапты.


СҚО-да жүк көлігімен болған жол апатынан төрт адам қаза тапты

Видеодан скрин

ERNUR.KZ. 8 қаңтар күні “Астана – Петропавл” тас жолында “Toyota Camry” және “Shacman” жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп жазады stan.kz.

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, “Toyota Camry” автокөлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

“Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдық режимін бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу және қауіпті маневрлер ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мұқият болыңыздар”, – делінген полиция хабарламасында.