Солтүстік Қазақстанда чипс тиелген жүк көлігі аударылып қалды

0
376

​Жүк көлігін "құтқару" операциясы алты сағатқа жуық уақытқа созылды.


Солтүстік Қазақстанда чипс тиелген жүк көлігі аударылып қалды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында чипс тиелген жүк көлігі аударылып қалды, деп жазады sputnik.kz.

Ақтөбелік жүргізуші Қызылжар ауданындағы Кондратовка ауылының маңында бес сағаттан астам уақыт тұралап, жолға шыға алмай қалды. Себебі полицейлер мен жол қауіпсіздігі мекемелерінің ұйымдастыруымен өткен "құтқару операциясы" бірнеше сағатқа созылды.

"Өткен сенбіде сағат 15:00 шамасында бұрылыстан 1 километр қашықтықта 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы MAN жүк көлігінің жүріс бөлігінде ақау пайда болған. Ауыр жүк көлігі бұталарға қарай сырғып барып, бір бүйіріне қисайып қалған. 5 тонна чипс алып бара жатқан жүргізуші Новосібірден Қостанайға бара жатқан", - деп хабарлады полиция.

Челябі-Новосібір тасжолында жүрген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аға лейтенант Әділ Қазиев пен капитан Серік Сейпиев оқиға орнына жетті. Полицейлер Мамлют ауданынан "Казавтожол" ЖШС-ның ауыр техникасын көмекке шақырғанымен, тұралап қалған ауыр жүк көлігін арықтан шығара алмаған. Сондықтан полиция қызметкерлері "КамАЗ" базасынан қосымша кран шақыртқан.

Солтүстік Қазақстанда чипс тиелген фура аударылып қалды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Солтүстік Қазақстанда чипс тиелген фура аударылып қалды

Рефрижератор кузовы мен алдыңғы бөлігін бөлшектеуге тура келген. Барлық жұмыс кешкі сағат тоғызға қарай аяқталды.

Жүргізуші көмектескен адамдардың барлығына алғыс айтып, көліктегі ақауды жөндеген соң, келесі күні кешке сапарын жалғастырды.