Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп, екі адам қаза тапты

0
549

Оның біреуінің денесі іздестіріліп жатыр.


Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп, екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Семиполка ауылында бір үйдің екі адамы өрттен қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 4:50 шамасында Шал ақын аудандық өрт сөндіру қызметіне Семиполка елді мекенінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

«Өрт сөндірушілер келгенде үй толық отқа оранып үлгерген екен. Есік іштен жабық болған. Тек таңғы 9:30 шамасында ғана өрт толық сөндірілді. Оқиға орнынан бір адамның денесі табылды. Көршілердің айтуынша, үйде ер және әйел адам тұрған. Сондықтан қазір екіншісінің денесі іздестіріліп жатыр», - дейді СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.