Қансыраған жеткіншекті әкесі тауып алған.
Фото: freepik
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 15 жастағы баланың өзіне қол жұмсауына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz.
Әлеуметтік желідегі деректерге қарағанда, бала үйде жалғыз болған. Қансыраған жеткіншекті әкесі тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім қолдан жасалған пистолеттен оқ атқан.
Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
"ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", – деді ведомство өкілдері.