"Бұл көптеген адам үшін сенсация болатын шығар".
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында Саумалкөл тұзды көлінде шабақтар пайда болған, деп жазады Stan.kz.
Көктемде халық арасында "өлі" деп аталған көлге 4,5 млн теңгеге 3,5 млн көл шабақтары жіберілді. Іс жүзінде тәжірибе сәтті болды – шабақтар аман қалып, өскен. Аудан әкімі Дархан Амрин әлеуметтік желідегі парақшасында көлді балықтандырудың нәтижелері туралы қуанышпен бөлісті.
"Саумалкөл - тірі! Саумалкөл көлінің жағасына қобалжулы күйде келе жатырмын. 4 ай бұрын суға жіберілген шабақтар шынымен де аман қалды. Мен өз көзіммен көктемгі тәжірибе нәтижесін тексеруді шештім. Көлдің "тірі" болғанына таңғалып тұрмын. Бұл көптеген адам үшін сенсация болатын шығар. Ғалымдар бұл жоғары тұзды суға тек сиг балықтарының тұқымы өмір сүре алады дейді.
P S: су таза, бірақ өте тұзды. Бұл көлді "Ильин" ЖК жалға алған, - деп жазды Амрин.