Сот үкімімен елден қуылған Өзбекстан азаматы аты-жөнін өзгертіп, қайтып келген

0
686

Қарағандыда мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz


Сот үкімімен елден қуылған Өзбекстан азаматы аты-жөнін өзгертіп, қайтып келген

ERNUR.KZ. Қарағандыда мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен шетелдіктер ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары аумақтық пәтер аралау жұмыстарын жүргізді.

Көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде 27 жастағы ер адам күдік туғызған.

Құжаттарын тексеру барысында оның Өзбекстан Республикасының азаматы екені анықталды.

Дегенмен оның ұсынған төлқұжаты күмәнді көрінді. Кейін ер адамның төлқұжаты жалған екені белгілі болды.

Айта кетейік, аталған азамат 2019 жылы Қарағандыға келіп, көші-қон заңнамасын бұзған. Бұған қоса, ол Қазақстан аумағында жүріп-тұру мерзімін бұзды.

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен елге бірнеше жылға кіруге тыйым салынған.

Өзбекстанда болған кезінде аталған жігіт өзінің жеке мәліметтерін толығымен өзгерткен: тегін, атын, әкесінің атын.

Жаңа төлқұжат жасатып алып, Қазақстанға қайта оралған, алайда оның мұндай қитұрқы амал-әрекеті әшкере болып қалды.

"Заңсыз - 2022" жедел алдын алу іс-шарасы барысында қызметкерлер Тәжікстан Республикасының 25 жастағы азаматын анықтады.

Шетелдіктің төлқұжатында оның Қазақстан шекарасынан өткені туралы белгі болмаған.

Екі дерек бойынша ҚР ҚК 392-бабы "мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.