Сотталған азамат сот үкімімен келіспей, аузын тігіп тастады

0
1 012

Колониядағылар сотталушының хәлі нашарлай бастаса, күштеп тамақтандырамыз дейді.


Сотталған азамат сот үкімімен келіспей, аузын тігіп тастады

ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы абақтыда жатқан сотталушы өзінің аузын тігіп тастады. Есірткі саудалады деп айыпталған Руслан Бобров сот үкіміне қарсы, бірнеше рет шағым жазған, деп хабарлайды Astana арнасы.

Алайда аппеляциялық арыздары қанағаттандырылмады. Жұбайы оның денсаулығы үшін алаңдаулы.

Ол өзінің аузын тігіп тастауға мәжбүр болды. Ажалын абақтыдан таба ма деп қорқам. Оларды түрмеде қорлайды, жәбірлейді, - дейді жұбайы Алена Татарчукова.

Сотталушының аузын тігіп, аштық жариялағанына бүгін төртінші күн. Алена Татарчукова жұбайының өмірі үшін алаңдап отырғаны сондықтан. Бірақ колониядағылар оның денсаулығын ұдайы тексеріп отыратындарын айтты. Егер хәлі нашарлай бастаса, күштеп тамақтандырамыз дейді.

Кешкі 7 мен 9-дың арасында оларға тұрмыстық заттар беріледі. Оның ішінде ине-жіп те бар. Сонымен әжетханаға кіріп, аузын тігіп тастады. Ол жерде бейнебақылау камералары болмайды, - дейді Қанат Ашов.

Руслан Бобров сот үкімімен келіспей отыр. Есірткі сатқаны үшін оны 10 жыл бас бостандығынан айырған. Ал ол кінәсін мойындамайды. Тіпті, жазықсыз жала жабылғаны туралы бас прокуратураға арыз түсірген. Ол аздай, бейнежазба таратқан.

Менің арыз-шағымдарым қарастырылып жатқан да жоқ. Істің байыбына бармай жатып, «барлығы заңды» деп кері хат жолдай салады. Ал егер зерттеп қараса, менің кінәсіздігім дәлелденер еді. Құзырлы органдардан маған назар аударып, мен отырған түрмеге келулерін сұраймын. Мұндағы қызметкерлер қызметін асыра пайдаланып, түрлі қысым көрсетеді, - дейді сотталушы Руслан Бобров.

Алайда Ішкі істер министрлігі колониядағы әлемжеттікті жоққа шығарды. Ал сотталушының қарсылық акциясын бақылауда ұстап отырмыз деді.