Стационар толып кеткен: Қазақстандық балалар қызылша ауруының салдарынан реанимацияға түсті

0
792

75 адам қызылша ауруымен жатыр.


Стационар толып кеткен: Қазақстандық балалар қызылша ауруының салдарынан реанимацияға түсті

ERNUR.KZ. Ақтөбеде қызылшамен ауыратын екі бала реанимацияға түсті, деп жазады stan.kz.

Өңірде инфекция қарқын алуда, облыстық стационар лық толы. Ресми деректерге сүйенсек, Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 75 адам қызылша ауруымен жатыр. Басқа жұқпалы аурулары бар науқастар басқа медициналық мекемелерге жіберілді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қала сыртындағы науқастар үшін қосымша орындар ашты.

"Қызылшамен ауырғандардың көбеюіне байланысты бүгіннен бастап "Шағала" санаторийінде қосымша 80 орын ашылды. Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 81 адам бар. Оның 68-і бала, 13-і ересек", – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Асқынуларға байланысты қызылшамен ауыратын екі бала қазір реанимацияда. Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдер де қызылшамен ауыра бастады. Екі жүкті әйел сырқаттанды.

Өңірде 90 миллион теңгеге 30 000 доза вакцина сатып алынды.

Қазақстанда жыл басынан бері қызылшаны жұқтырудың жеті мыңнан астам жағдайы анықталды.