«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы су саласына қатысты мамандықтармен толықтырылған.
ERNUR.KZ. 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде несиелік бағдарламасы аясында су саласының мамандарына тиімді шарттармен баспана алуға мүмкіндік берілді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңына толықтырулар енгізіліп, енді су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге, гидротехниктерге, мелиораторларға «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ берілетін болады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова ОКҚ алаңында сала мамандарына көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау шаралары жайында айтты.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы су саласына қатысты мамандықтармен толықтырылған. Сондай-ақ ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдау үшін көтерме жәрдемақы бюджеттік несие 7,8 млн теңгеге дейін өсті.
«Су шаруашылығы жұмыскерлері күніне орай (9 шілде), ерекше көзге түскен жұмысшыларды, су саласының дамуына үлес қосқан ардагерлерді, сондай-ақ жеңімпаздарды салалық және мемлекеттік наградалармен марапаттау қолға алынды. Су шаруашылығымен айналысатын ұйымдар мен кәсіпорындардағы адал еңбек етіп келе жатқан әулеттер мен жас жұмысшы мамандарына «Үздік сушылар әулеті», «Үздік жас сушы» номинациялары бойынша марапаттар табысталды»,-деді спикер
Су шаруашылығы мамандарының еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК өңірлердегі филиалдарына жаңа құралдарды сатып алу жүргізуде. Бүгінгі күнде кәсіпорынның филиалдары жалпы жоспарланған 757 арнайы техника мен автокөліктің 439-н жұмысқа пайдалануға алды.