Суға кеткендердің санын азайту үшін: Қызылордалық құтқарушылар Сырдария бойында құрбандық шалды

0
807

Құрбандыққа шалынған малдың еті мұқтаж жандарға таратып берілген.


Суға кеткендердің санын азайту үшін: Қызылордалық құтқарушылар Сырдария бойында құрбандық шалды

ERNUR.KZ. Қызылордада аймақтағы суға батқандардың санын азайту үшін құтқарушылар Сырдария өзенінің бойында құрбандық шалды. Жыл басталғалы бері өзенге 17 бала батып кеткен, деп жазады Stan.kz.

Құрбандық шалу рәсіміне Қызылорда облысының ТЖД қызметкерлері мен мешіт имамы қатысқан. Құтқарушылар рәсімді өңірдегі қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін өткізген.

Департамент басшысының орынбасары Саид Молдақараевтың сөзінше, құрбандық азаматтық қорғаныс бөлімі және Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің бастамасымен шалынған. Бұған себеп аймақтағы суға кеткендердің санының жоғары болуы. Жыл басынан бері облыстағы суқоймаларда 29 адам суға батқан, олардың 17-сі бала.

Құрбандыққа шалынған малдың еті мұқтаж жандарға таратып берілген.