Сүйіктісін қызғанған ақтаулық жантүршігерлік қылмысқа барды

0
848

Полиция ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті өз кінәсін мойындады.


Сүйіктісін қызғанған ақтаулық жантүршігерлік қылмысқа барды

ERNUR.KZ. Күдікті қызғанышқа бой алдырып, 39 жастағы әйелді қылқындырып өлтірді, деп жазады sputniknews.kz.

19 қыркүйек күні кешке полицейлер күдіктіні қолға түсірген. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Өз кінәсін мойындап отыр.

"Күдікті 18 қыркүйек күні шамамен сағат 15:00-де қаза болған әйелмен бірге 33-ші шағын аудандағы гипермаркет маңында көлікте отырған. Алайда екеуінің арасында жанжал шығып, жігіт сүйіктісін қызғаныштан қылқындырып өлтірген. Біраз уақыт өткен соң, оның денесін жолдың шетіне тастап кеткен", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жоғалып кетті. Қаза болған әйел Алима Кульчикова 18 қыркүйек күні жұмысқа кетіп, үйіне оралмаған. Анасы келесі күні полицияға арыз жазыпты.

Полиция сотқа дейінгі бірыңғай реестрде "Із-түссіз жоғалып кету" бабы бойынша іс қозғаған.

Сол күні, 19 қыркүйекте тәртіп сақшылары жедел тергеу шараларын жүргізу барысында 1980 жылы туған әйелдің денесін тапты. Кейін ол із-түссіз жоғалып кеткен Маңғыстау политехникалық колледжінің қызметкері Алима Кульчикова екені анықталды.