Сұйытылған газдың бағасы жыл соңына дейін өзгермейді

0
663

Энергетика министрлігі өз бұйрығына өзгеріс енгізіп, халық талқылауына шығарды.


Сұйытылған газдың бағасы жыл соңына дейін өзгермейді

ERNUR.KZ. Оған сәйкес, сұйытылған газдың шекті бағасы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қазіргі деңгейде қалады, деп жазады Экспресс К.

Халық талқылауына шыққан Энергетика министрлігінің бұйрығына келесідей өзгеріс енгізілді.

"Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады", - делінген құжатта.

Үкімет жыл басында сұйытылған газ бағасын 50 және 75 теңге аралығында бекіткен болатын. Бұл мораторий 180 күнге жасалған. Енді министрліктің бұйрығы қабылданатын болса, онда қазіргі бағалар 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін өзгермейді.