Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің департамент басшысы ұсталды

0
984

​Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, қазіргі таңда Қызылорда қаласында уақытша ұстау изоляторында отыр.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің департамент басшысы ұсталды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 3-ші департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Өз қатарының тазалығын қамтамасыз ету саясатын іске асыру мақсатында осы жылдың 20 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті агенттіктің 3-ші департаменті (жедел) басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, қазіргі таңда Қызылорда қаласында уақытша ұстау изоляторында отыр.

Қылмыстық істі тергеу агенттік төрағасының жеке бақылауында. Өзге ақпарат заңға сәйкес жария етілмейді.