Сыбайлас жемқорлық салдарынан елге келген залал екі есеге артқан

0
1 835

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 4,2 миллиард теңге. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жоғары


Сыбайлас жемқорлық салдарынан елге келген залал екі есеге артқан

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында биылғы төрт айында 1152 құқық бұзу тіркелген, оның ішінде 820 іс - 71 пайызы жемқорлық бойынша, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Негізгі бөлігі пара беру - 40 пайызы (457), жымқыру - 33 пайыз (368). Республика бойынша жалпы 390 адам жемқорлық бойынша жауапқа тартылды, олардың ішінде республикалық деңгейдегі жетекшілер - 8, облыстық -32, қалалық және аудандық - 56. Жемқорлық қылмыс ең көп ждасағандар жергілікті басқару органдарында - 139 (Қарағанды облысында - 20, ОҚО - 17, ШҚО - 12), ішкі істер органдары - 95, мемлекеттік кіріс - 37, ауыл шаруашылығы - 21", - деді МҚСЖҚІА ресми өкілі Нұрлан Жахин

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 4,2 миллиард теңге. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жоғары (2017 жылдың 4 айында - 1,9 миллиард теңге). Шығынды өтеу екі жарым есе өсті 1,4 миллиард теңгеден 3,7 миллиардқа дейін (88 пайыз). 636 миллион теңге соммасындағы мүлікке тыйым салынды.

"Елбасы тапсырмасының аясында қылмыстық процесстің репрессивтігі төмендетілді. Ұсталған тұлғалар саны екі есе (153-тен 75-ке дейін) азайғанын айта кеткім келеді. Пара үшін сотталғандардың 68 пайызы еселеген айыппұлмен жазаланды", - дейді ол брифинг барысында.