Қазақстан азаматының жоғалғаны туралы деректер желіде жаппай тарай бастаған.
ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының Израильде жоғалып кеткенін жоққа шығарды, деп жазады Stan.kz
Қазақстан азаматының жоғалғаны туралы деректер желіде жаппай тарай бастаған.
"Бұл шындыққа жанаспайды, Израиль билігі кестеде жіберілген қателік үшін кешірім сұрады", – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Израиль қарулы күштерінің баспасөз қызметі ХАМАС басып кірген соң көз жұмған, жоғалған немесе өолға түскен шетелдік азаматтардың тізімін жариялаған. Олардың арасында еліміздің бір азаматы көрсетілген.