Бір адам күйіп қалды.
Фото: mgronline.com
ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресей азаматтары мінген катер Пхукет провинциясында Майтон аралында жарылып, өртке оранған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Катерге барлығы 31 турист отырған. Жарылыс болған кезде 30 адам суда шомылып жүрген, ал Ресей азаматы қайықта отырған. Ол жеңіл күйік алған. Зардап шеккен адамдар ауруханаға түсті.
Таиланд полициясының мәлімдеуінше, 30 адамның денсаулығы жақсы, ешкім жарақат алмаған.