Талдықорғанда жас жігітті аяусыз ұрып-соққан 17 жастағы жасөспірім ұсталды

0
357

Кәмелетке толмаған бала арнайы есепке қойылды.


Талдықорғанда жас жігітті аяусыз ұрып-соққан 17 жастағы жасөспірім ұсталды

Фото: видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласының полиция басқармасы дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 17 жастағы жасөспірім ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиғаның бейнежазбасы желіде таралды. Видеода екі жігіттің соққыға жығылған бір адамды көтеріп жатқаны таспаланған.

"Қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталып, қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстар атқарылып жатыр. Кәмелетке толмаған бала арнайы есепке қойылып, білім бөліміне тиісті ұсыныс жіберілді. Тергеу аяқталғаннан кейін жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Тергеу жалғасып жатыр.