Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.
фото: Sergek Group
ERNUR.KZ. Талдықорғандағы Ескелді би мен Қаблис жырау көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті, деп жазады sputnik.kz.
Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.
"Ол тыйым салу сигналын елемей, Toyota көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жедел жәрдем жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жатқызылды", - дейді ведомство.
Әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушы заң бойынша жауапқа тартылады, деді полиция.