Қазір оны ҚМА қызметкерлері Қазақстанға алып келе жатыр.
Ulysmedia коллажы
ERNUR.KZ. Қаңтар айынан бері Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеуде болған қазақстандық блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға қайтарылып жатыр. Оны елге экстрадициялауды Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған, деп жазады ulysmedia.kz.
Блогер барлық қажетті рәсім аяқталғаннан кейін Қазақстан тарапына тапсырылды. Қазір оны ҚМА қызметкерлері Қазақстанға алып келе жатыр.
Бұған дейін
Бұған дейін ҚМА Қайсар Қамзаның бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілерінде онлайн-казиноларды жарнамалап, жазылушыларына сілтемелер мен промокодтар таратқанын анықтаған. Осы арқылы ол оқырмандарын құмар ойындарға тартқан. Тергеу мәліметінше, блогердің бұл қызметтен тапқан табысы 100 млн теңгеден асуы мүмкін.
Қаражат оның атына тіркелген криптовалюта әмияны арқылы шығарылып отырған. Сот Қайсар Қамзаны сырттай қамауға алу туралы санкция беріп, жалпы құны 183 мың доллар болатын криптоактивтеріне тыйым салған.
Еске салайық, блогер сәуір айында Интерпол мен Вьетнамның құқық қорғау органдарының бірлескен операциясы барысында ұсталған. Маусымда оның Вьетнамда қамауда отырғаны және Қазақстанға экстрадициялау мәселесі келісіліп жатқаны хабарланған.


