Бекзат Жүсіп енді туған өлкесінде жұмыс істейді.
Фото: primeminister.kz/
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылында дүниеге келген Бекзат Жүсіп Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«1989 жылы туған Бекзат Жүсіп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Ұлыбританиядағы Шығыс Англия университетінің магистратурасын тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі», - деп жазды қала әкімдігі.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастаған. Одан кейін Бекзат Жүсіп біраз қызметте жұмыс істеген.
- 2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеді.
- 2013-2016 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспектор.
- 2019-2021 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры.
- 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.
- 2022–2023 — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары
- 2023–2024 — «Qazcontent» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымдарында болды.