ның жалақысы 220 мың теңге бола тұра ай сайынғы несиесі 395 мың теңгеге жеткен.
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
ERNUR.KZ. Таразда бес банктен 6 млн теңгенің дүниесін несиеге алған әйел оны төлей алмай, сотқа жүгінген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, әйелдің кәмелет жасына толмаған төрт баласы бар. Жолдасымен заңды неке қидырмаған. Өзі жергілікті ЖШС-лардың бірінде оператор болып жұмыс істейді.
«Әйелдің жалақысы 220 мың теңге, ал ай сайынғы несиесінің төлемі 395 мың теңге болған. Ол бес банктен алты миллион теңге қарыз алған», - деп хабарлайды сот.
Жалақысы ай сайынғы төлемінен екі еседей аз әйел ай сайынғы төлемін азайту үшін банктерге өтініш жасаған. Алайда олар бас тартқан көрінеді. Сондықтан, әйел сотқа жүгінген.
«Талап арызында ол несиелік жүктеменің шамадан тыс екенін көрсетіп, ай сайынғы төлемдерді азайта отырып, қарызды өтеу мерзімін 60 айға дейін ұзартуды сұраған. Бес кредитордың төртеуі талап қоюды қанағаттандыруға қарсы болған. Алайда, Тараз қалалық соты талап қоюшының уәждері іс материалдарымен толықтай расталған, оның әрекетінде арам пиғылдың белгілері жоқ деген қорытындыға келген. Сот әйелдің талабын қанағаттандырып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін қолданды, оған сәйкес қарыз 5 жыл бойы ай сайын өтеледі», - деп хабарлайды сот.
Сот шешіміне екі кредитор банк тарапынан шағым түсіріпті. Алайда, Жамбыл облыстық соты шешімді өзгеріссіз қалдырды.