Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.
ERNUR.KZ. Таразда граффити-жазуларының авторы ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.
Полицейлердің мәліметінше, биыл 12 қарашада "Рефлекс-2019" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ПБ ЖПҚ қызметкерлері бірлесіп синтетикалық есірткі құралдарын тарататын азаматтарды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында үй қабырғаларына тыйым салынған граффити-жазуларды жазған 30 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды.
"Күдікті кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Синтетикалық есірткіні тарататын өзге де тұлғаларды анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, үйлердің қабырғалары мен қоршаулардың сыртынан есірткінің таралуына қатысты кодтық сөздері бар 800-ге жуық граффити-жазулар алынып тасталды", - делінген полицейлердің хабарламасында.
Сондай-ақ, синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттардың бұғатталғаны айтылады.