Сатып алушы заңды түрде нәрестеге құжат жасатып, өз атына жаздырып алмақшы болған.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында жаңа туылған сәбиді сатып жіберген қылмыстық іс бойынша жаңа дерек шықты, деп жазады exk.kz.
Сәби саудасына байланысты тың деректі Orda.kz жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға келіншектің нәрестеге аяғы ауыр болған сәттен басталған. Яғни, 35 жастағы әйел ішіндегі баласына 7 ай болғанда түсік жасатуға жүгінген екен. Шу ауданы тұрғыны ақырында туып, ол баладан бас тартқан. Тіпті Тараздағы көпсалалы аурухана дәрігерлеріне өздерімен алып кетуді талап етіпті. Бірақ бұл жағдай сәби саудасымен аяқталып отыр.
Сатып алушы заңды түрде нәрестеге құжат жасатып, өз атына жаздырып алмақшы болған. Ал бір жарым миллион теңгенің 500 мыңын сол құжаттарды рәсімдеуге жұмсауға келісіпті. Қалған 1 миллион теңгені баланың биологиялық анасына беріледі делінген. Бірақ құзырлы орган бұл істің алдын алып отыр.