Тәуелсіздік күні ұсталған азаматтар жауапқа тартылмақ

0
1 187

Астана прокуратурасы, мәселені анықтау үшін, белсенділерге ресми түрде өтініш жазуды сұраған.


Тәуелсіздік күні ұсталған азаматтар жауапқа тартылмақ

фото:ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Қазақстанның Тәуелсіздік күні ұсталған жиырмаға жуық Астана тұрғынын полиция жауапқа тартуға тырысып жатыр, деп жазады centralasian.org.

Ұсталған адамның оны прокуратураға арыз жазған. Олар 16 желтоқсанда ескерткішке гүл шоқтарын қойып, 1986 жылы 16 желтоқсанда және 2011 жылы Жаңаөзенде қаза тапқандарға бағыштап құран оқу ниетіміз болды дейді. Руслан Жами – 16 желтоқсанда Астанада ұсталғандардың бірі.

"Абай көшесінің қиылысында бізді ұстады. Менің қолымда гүл болғаны үшін ғана. Гүлімді ескерткішке қоюға мүмкіндік бермеді. Сол жердегі орындыққа тастап кетім",- дейді ол.

Руслан Жамидің сонымен бірге полиция бөлімшесінде телефонын тартып алған. Әлі қайтармағанын айтады.

Астананың тағы төрт белсендісін Іңкар Тыштыбаевпен қоса Отан-ана ескерткішінің жанында ұстаған. Дәл осы жерде жергілікті билік түрлі шаралар өткізеді. Полиция оларға жол қозғалысы ережесін бұздыңдар деген айып тағып, бөлімшеге алып кеткен.

Кейбір ұсталғандарға полиция елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық қозғалысының" митингісіне қатыспақ болды деген хаттама толтырған.

Астана прокуратурасы болса, мәселені анықтау үшін, белсенділерге ресми түрде өтініш жазуды сұраған.