​Тәжікстан қазақстандықтарға 100 білім грантын бөлді

0
319

Құжаттардың толық топтамасын қабылдау 2025 жылғы 10 шілдеден 5 тамызға дейін жүргізіледі.


​Тәжікстан қазақстандықтарға 100 білім грантын бөлді

Фото: halyq-uni.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында 2025–2026 оқу жылына қазақстандық талапкерлерге Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 100 білім гранты бөлінді, деп жазады inform.kz.

Гранттар мынадай бағдарламалар бойынша ұсынылады:

– бакалавриат – 70 орын;
– магистратура – 20 орын;
– үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы – 10 орын.
Оқыту тілі – тәжік және орыс тілдері.
Грант келесі шығындарды қамтиды:
– тегін оқу;
– ай сайынғы стипендия;
– медициналық қызмет көрсету.
Қалған шығындар, оның ішінде жолақы мен жатақхана ақысы, грант иегерінің есебінен төленеді.
Құжаттардың толық топтамасын қабылдау 2025 жылғы 10 шілдеден 5 тамызға дейін жүргізіледі.