Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келіп қонады.
ERNUR.KZ. 10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты, деп жазады sputnik.kz.
" Бортта 166 жолаушы бар, олардың ішінде 124-і – ҚР азаматы және 42-сі – шетелдік азамат. Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келіп қонады деп күтілуде", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Air Astana Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты 8 қазанға жоспарланған Алматыдан Тель-Авивке КС649 рейсінің орындалмайтынын хабарлаған болатын.
Сыртқы істер министрлігі Тель-Авивтегі Бен Гурион атындағы әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.
Қазіргі кезде кейбір әуе компаниялары Израильге ұшақтарды жібермеуге шешім қабылдады.
Тель Авивтен қазақстандықтарды алып қайтатын Air Astana ұшағы Астана уақытымен бүгін таңғы 08.00 кезінде Алматыдан ұшып шыққаны хабарланған болатын.