Телефонды өшіріп, із-түзсіз кеткен: Атырауда 24 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

0
377

Жігіт үйден шығар алдында телефонын тастап, ондағы барлық деректерді өшіріп кеткен.


Телефонды өшіріп, із-түзсіз кеткен: Атырауда 24 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Фото: Атырау облысы полиция департаменті / Жасұлан Үмбетов

ERNUR.KZ. Атырауда 24 жастағы Жасұлан Үмбетов 26 шілдеден бері іздестіріп жатыр. Жақындарының айтуынша, ол үйден шығып кетіп, содан бері байланысқа шықпаған, деп жазады stan.kz.

Інісі Аслан Үмбетовтің сөзінше, Жасұлан үйден шығар алдында телефонын тастап, ондағы барлық деректерді өшіріп кеткен.

Бейнебақылау камералары оны соңғы рет Алмагүл ықшамауданы маңында тіркеген. Содан бері еш жерде көрінбеген.

"Полицияға жүгіндік, барлық таныс жерді араладық, достары мен әріптестерімен сөйлестік. Ешқандай ақпарат жоқ. Полиция іздеп жатыр, бірақ нәтиже жоқ", – деді Аслан.

Жақындары жаман ойдан аулақ екенін, бірақ Жасұланды аман-есен табуға үміттерін үзбегендерін айтады. Атырау облыстық полиция департаменті 2001 жылы туған азаматтың жоғалғаны туралы өтініш 26 шілде күні сағат 21:00-де түскенін растады. Қазір іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Туыстары Жасұлан Үмбетов туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.