Ақмолалық полицейлер аязда жолда қалған шетелдіктерге көмектесті

0
99

Патрульдік полиция қызметкерлері аязда Әзірбайжан мен Қырғызстан азаматтарына көмекке келді.


Ақмолалық полицейлер аязда жолда қалған шетелдіктерге көмектесті

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Алғашқы оқиға Көкшетау – Атбасар автожолының 8-шақырымында болған, деп жазады inbusiness.kz.

Патрульдеу кезінде сақшылар жолда тоқтап тұрған ауыр жүк көлігін көреді. Жүк көлігін Әзірбайжан азаматтары айдаған. Ауа температурасы -32 градусқа жетіп, көліктен ақау шығып жүргізушілер қатты тоңған. Көмекке полиция қызметкерлері Мейрамбек Мекеш, Жандос Капаров және Диас Шотпаев келді.

Жүк көлігінің артқы тіркемесі ажыратылып, содан кейін екінші көлік жүк көлігін қауіпсіз жерге сүйреуге көмектескен. Шамамен 12 сағат бойы полицейлер жолаушылармен бірге жүреді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ыстық шай, кофе және тамақ әкелген. Тілдік кедергіні ескере отырып, полицейлер аудармашының көмегін ұйымдастырады. Сағат 14:00-ге дейін жүргізушілер көлік құралын іске қосып, сапарды жалғастырған.

Екінші жағдай Астана қаласы бағытында Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 165-шақырымында болды. Экипаж құрамындағы қызметкерлер Эльдар Болатов және Арман Тажибаев Mercedes Vito автокөлігінің бұзылғаны туралы хабарлама алады. Ресейден Қырғызстанға бара жатқан көлікте Қырғызстан азаматтары, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала мен 3 ересек адам болған. Қозғалтқыштың істен шығуына байланысты одан әрі қозғалыс мүмкін болмады.

Жолаушылар Жалтыр ауылына патрульдік 4 автокөлікпен эвакуацияланып, жылыту пунктіне орналастырылды. Ақауларды жою үшін көлік Астраханка ауылына техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізілді.