Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды

0
87

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.


Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды. Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы растады, деп жазады tengrinews.kz.

Компания баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Компания белгіленген рәсімдерге сәйкес түпкілікті себептерге бағалау жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, ТШО өзінің өндірістік қызметінің нақты егжей-тегжейлеріне түсініктеме бермейді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қондырғылардың бірінде өрт шыққаны белгілі болды. Оқиға 11 наурызда кешке тіркелген.

Еске салайық, 18 қаңтарда Теңіз кен орнында орналасқан үшінші буын зауытында өрт шыққан еді. Осыдан кейін Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру тоқтатылған.