Бүгін Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында жерасты дүмпуі болғаны жөнінде ақпарат тарады.
Фото: Анадолы
ERNUR.KZ. Кейбір БАҚ пен телеграм арналарындағы ақпаратқа қарағанда, жер сілкінісі бүгін, 11 мамырда сағат 11:44 шамасында болған, деп жазады kaz.inform.kz.
Жерасты дүмпуінің тереңдігі – 10 метр, ал, магнитудасы – 4,2. Теңіз» кен орнындағы жер сілкінісі 5 секундқа созылған.
«Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметі жер сілкінісі болғанын растады.
“ «Теңізшевройл» 2025 жылғы 11 мамырда «Теңіз» кен орнында сейсмикалық оқиғаның тіркелгенін растайды. Бұл оқиға персонал мен өндіріс қызметіне әсер еткен жоқ “, - деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.
«Теңіз» – Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан ірі кен орны. Мұнда 1976 жылы 24 маусымда №1 ұңғыманы бұрғылауды басталған. Үш жылдан соң кен орнына сынақ жүргізілген.
1979 жылғы 18 желтоқсанда кен орнындағы тұзасты қабатынан тәулігіне 475-600 текше метр мұнай алынатыны жөнінде қорытынды жасалған. Кен орнының коллекторындағы күкірт мөлшерінің 25 пайызға жететіні анықталған.
Қазір кен орнын «Теңізшевройл» компаниясы игереді. Бұл компания 1993 жылғы 6 сәуірде құрылған.