Теракт жасамақ болған қазақстандық 18 жылға сотталды

0
325

19 қазанда үкім заңды күшіне енді.


Теракт жасамақ болған қазақстандық 18 жылға сотталды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Ақтау қалалық соты лаңкестік әрекетке оқталған және терроризмді насихаттаған ер адамға үкім шығарды, деп жазады zakon.kz.

19 қазанда үкім заңды күшіне енді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті айтты.

Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды", деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген.

Айта кету керек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.