Бұған дейін активтерді қайтару комитеті Тимур Құлыбаевпен соттасып жатқаны хабарлаған болатын.
Ulysmedia коллажы
ERNUR.KZ. Бас көлік прокуратурасының деректеріне сәйкес, 2024 жылы бизнесмен Тимур Құлыбаевтың бақылауындағы компания мемлекетке 54 нысанды өткізген, деп жазады ulysmedia.kz.
Құзырлы орган таратып отырған ақпарат Құлыбаевтың бақылауында болған "Кипрос" ЖШС және "Joint Technologies" ЖШС арқылы бақылайтын "ТЭК-ҚАЗАҚСТАН" компаниясы туралы айтылып отыр.
Мемлекет меншігіне отын қоймалары, ғимараттар мен құрылымдар, негізгі құралдардан басқа ТЭК-Қазақстан компаниясының 54 нысанын берілді. "Қорғас" ХШЫО мүлкі, багаж терминалы және жер учаскесі қайтарылды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін активтерді қайтару комитеті Тимур Құлыбаевпен соттасып жатқаны хабарлаған болатын.
ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ
Қаржы есебіне сәйкес, Құлыбаевтың Joint Resources холдинг компаниясы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 39,1 млрд теңге таза пайда тапқан. Холдингтің негізгі қызметі – активтерді басқару. Компанияға жеті еншілес компания тікелей тиесілі, олардың арасында "Кристалл Менеджмент" АҚ, "Kazakhstan' s mineral resource investment company" ЖШС, "Шұбаркөл Премиум" АҚ, сондай-ақ түрлі еншілес кәсіпорындар бар.