ТМД ойындары екі жылда бір рет өтеді.
ERNUR.KZ. Ойындар Әзербайжанның жеті қаласында – Гянджа, Евлах, Мингячевир, Габала, Шеки, Гёйгёль және Ханкендиде өтті, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстан Әзербайжанда өткен III ТМД елдері ойындарында 82 медаль жеңіп алды.

Ел қоржынында 10 алтын, 24 күміс және 48 қола бар. Жалпы 18 спорт түрі бойынша 132 қазақстандық спортшы сынға түсті.
Биылғы ойындарда Ресей спортшылары 231 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Олардың қоржынында 130 алтын, 61 күміс және 40 қола медаль бар.
Ал ойындарды ұйымдастырған Әзербайжан құрамасы медальдық есепте екінші (33 алтын, 56 күміс, 95 қола) болса, Беларусь үшінші (32 алтын, 38 күміс, 52 қола) орынға тұрақтады. Өзбекстан (25 алтын, 33 күміс, 61 қола) төртінші және Қазақстан (10 алтын, 24 күміс, 48 қола) бесінші орынға жайғасты.
ТМД ойындары 8 қазанда аяқталды. Жарысқа 13 елден 2400-ден астам спортшы қатысты.
Ойындар Әзербайжанның жеті қаласында – Гянджа, Евлах, Мингячевир, Габала, Шеки, Гёйгёль және Ханкендиде өтіп, 23 спорт түрінен медальдар сарапқа салынды.
ТМД ойындары екі жылда бір рет өтеді.