Ер адамға жыныс мүшесін қалпына келтіру үшін ота жасалды.
иллюстрациялық фото
Тобыл өңірінің тұрғыны 41 жастағы ер адам жұмыста жүріп өз жыныс мүшесін кесіп тастаған. Денесіне ауыр жарақат салған жанкешті, Лисаковтағы ірі кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға осыдан 3 күн бұрын болған. Дәрігерлер дереу ота жасапты. Қазір науқастың өміріне қауіп жоқ, деді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше оның кесіп тастаған дене мүшесін қалыпқа келтіру мүмкін болмаған. Дейтұрғанмен, жұмысшының неліктен мұндай қадамға барғаны әзір белгісіз. Полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті.
"Аталған фактінің тіркелгені рас. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ер адам ауруханаға жатқызылған. Әзірге белгілі болғандай аталған жарақатты ер адам өзіне өзі салған. Барлық толық дәйектер тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болады", - дейді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің бас маманы Кенже Қонысбай.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде жашкешті - «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамына қарайтын Красноояктябрь боксит кеніш басқармасының жұмысшысы екені жарияланды. Аталған басқарманың баспасөз хатшысы бұл ақпаратты нақты растамаған. Алайда жазбаша берген жауабында "өндірістік жарақат емес" - делінген.