Үй иелері қарды алып тастамай, керісінше, одан үш сөресі бар тоңазытқыш жасап, пайдасына жаратқан.
ERNUR.KZ. WhatsApp мессенджерінде Ақмола облысында соққан бораннан пайда болған тоңазытқыштың видеосы тарап жүр. Бейнеролик авторының сөзінше, қатты дауылдың салдарынан олар су жаңа құрылғыға ие болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желіде тараған видео кадрларында терезенің сыртын қалың қар жапқанын көруге болады. Алайда үй иелері қарды алып тастамай, керісінше, одан үш сөресі бар тоңазытқыш жасап, пайдасына жаратыпты.
"Тоңазытқыш-2020. Қараөткел ауылдық округі, Целиноград ауданы, Ақмола облысы. Жаңа тоңазытқыш. Биыл бізге боранның берген пайдасы осындай. Тоңазытқыш жасап берді", - дейді видео авторы.
Бейнежазбадан тоңазытқыштың үш сөресінде де азық-түліктер тұрғанын көруге болады. Ал ең төменгі сөреде ет сақталады екен.
"Үстінде, ортасында сөрелер бар. Астыңғы сөреде ет тұр. Ол ,былайша айтқанда, мұздатқыш", - деді ол.
Видео авторы мұндай тоңазытқыштың шығын шығармайтынын да атап өтті.
Бір жақсысы, тоқ жемейді. Рахат, есікті жауып, пердені тарта саласың", - дейді азамат.