Тоқаев кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына көңіл айтты

0
520

Президент Серік Бекбосыновтың отанымызға адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырғанын жеткізді.


Тоқаев кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

«Серік Темірханұлы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қызмет етіп, жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі атанды. Жүрекке ота жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде еңбегі жоғары бағаланды. Көптеген адамның өмірін аман алып қалды.

Отанымызға адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Серік Темірханұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, – делінген жеделхатта.

Еске салайық, атақты кардиохирург Серік Бекбосынов 20 шілдеде 41 жасында қайтыс болды.

Серік Темірханұлы көз жұмар алдында COVID-19-ға шалдықпаған, бірақ ол 2020 жылы жазда ковид жұқтырып, емделген еді.