Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды

0
822

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы хабарлады.


Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды.
Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Бұған дейін 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетіні хабарланған болатын.