Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен 21:30-да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
«Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс мұрындық болды. Жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады», - деп жазды Б.Уәли facebook парақшасында.