Тоқаев Киотодағы өртке байланысты Жапония премьер-министріне көңіл айтты

0
824

Анимациялық студиядағы өрт салдарынан көптеген адам болды.


Тоқаев Киотодағы өртке байланысты Жапония премьер-министріне көңіл айтты

фото: ашықдереккөзден

Қазақстан Президенті Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Киото қаласында анимациялық студияда болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Өрт салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.