Тоқаев Қытай кәсіпкерлерін Қазақстанда қант өндірісін дамытуға шақырды

0
553

Президент алдағы уақытта Қазақстан қантпен өзін толық қамтамасыз етуді жоспарлайтынын атап өтті.


Тоқаев Қытай кәсіпкерлерін Қазақстанда қант өндірісін дамытуға шақырды

ERNUR.KZ. Президент екі ел агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мол мүмкіндік барын мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

Сианьда өтіп жатқан инвестициялық дөңгелек үстелде президент Қазақстан әлемде бидай өндіретін ең ірі 10 елдің бірі екенін атап өтті. Қазақстан жылына 5.5 млн тоннаға жуық астық пен 1,5 тоннаға жуық ұн экспорттайды. Алдағы уақытта Қытайға 1 млн тонна бидай жеткізуді көздеп отыр.

Сонымен қатар соңғы бес жылда Қазақстаннан Қытайға экспортталған майлы дақылдар көлемі 3.5 есе, өсімді майы 2 есе артқан.

"Кәсіпкерлеріміз Қытайға сиыр, қой, шошқа, тауық етін жөнелте алады", - деді ол.

Президент алдағы уақытта Қазақстан қантпен өзін толық қамтамасыз етуді жоспарлайтынын атап өтті.

"Сол үшін кешенді жоспар өз қабылданды. Сіздерді Қазақстанда қант өндірісін дамытуға белсенді атсалысуға шақырамын", - деді мемлекет басшысы.