Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады

0
916

Министрліктің ресми өкілі Хуа Чуньиннің айтуынша, 16-20 мамыр аралығында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшыларының сапарлары күтілуде.


Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады

ERNUR.KZ. Қазақстан көшбасшысы Қытайға мемлекеттік сапармен келеді деп күтілуде, деп жазады Sputnik.kz.

Министрліктің ресми өкілі Хуа Чуньиннің айтуынша, 16-20 мамыр аралығында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшыларының сапарлары күтілуде.
"ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 16-20 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барады", - деп жазылған Қытай сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған Хуа Чуньин хабарламасында.
Қытайдың сыртқы саяси ведомствосы хабарлағандай, Қазақстан президенті мен оның әріптестері, сондай-ақ Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қытайдың Сиань қаласына "Қытай – Орталық Азия" саммитіне қатысу үшін келеді.
Саммит 18-19 мамырда Шэньси провинциясында Си Цзиньпиннің төрағалығымен өтеді.