Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельдің қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге Еуропалық кеңес төрағасы лауазымына сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Бүгінде біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз тың серпін алды. Еуропалық кеңес Қазақстанның негізгі саяси және сауда серіктесі болып қала береді. Серіктестікті кеңейту және ынтымақтастық жөніндегі келісім, сондай-ақ, Еуропалық кеңестің Орталық Азия бойынша жаңартылған Стратегиясы тығыз қатынастарымыздың жаңа кезеңіне және өңірдің орнықты дамып, өсіп өркендеуіне кең жол ашады, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельдің қызметіне табыс тілеп, Нұр-Сұлтан мен Брюссель арасында көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге сенім білдірді.