Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Фото: Ақорда
ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, тараптар қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.
«Қазақстан Президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды», - деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.


