Тоқаев То Ламды құттықтады

0
167


Тоқаев То Ламды құттықтады

Ақорда

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның Вьетнамды дәйекті түрде дамытуға бағытталған барлық бастамасының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.